Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы
06.02.2026
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы — бұл жай ғана өзін-өзі тану мен диагностика немесе кәсіби сынамалар емес, сонымен қатар қызықты мамандықтар әлеміне терең бойлау.
Жақында мектебімізде осы бағыт аясында мектеп түлегі Руслан Садуақасовпен кездесу өтті. Ол қазіргі уақытта Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында білім алуда. Кездесу барысында Руслан жоғары оқу орнындағы оқу процесі туралы алған әсерлерімен бөлісіп, өзінің болашақ мамандығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары: Досова Г.Е.
Просмотров: 105