Текст
06.05.2026
«Ақсу кентінің №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Тақырыбы: Игі істер эстафетасы: Ақсу кентіндегі тазалық пен бірлік
Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелері аясында Мектеп Парламенті мектеп аумағы мен Ақсу кентінің орталық алаңын тазарту және көгалдандыру бойынша волонтерлік акциялар өткізді. Акцияға мектеп еріктілері мен педагогикалық ұжым белсене қатысты.
Атқарылған жұмыстар:
Мектеп ауласы мен іргелес аумақтар қоқыстан тазартылды.
Ақсу кентінің орталық алаңы мерекелік іс-шараларға дайындалып, ретке келтірілді.
Көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жас көшеттер отырғызылды.
Ақпаратты дайындаған: Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Е. Досова