25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні

24.09.2026

2026 жылғы 25 қыркүйек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұл күні ел Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қызметтік борышын өтеу барысында трагедиялық жағдайда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алады. Ауа райының кенеттен күрт нашарлауы мен дауыл салдарынан болған қайғылы оқиға Отан қорғаушылардың өмірін қиды.

25 қыркүйекте бүкіл республика бойынша Мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, телевидение мен радиода көңіл көтеретін шаралар мен бағдарламалар тоқтатылды. Қазақстан қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, бірге аза тұтады.

Просмотров: 1301


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу