Үштілдік - қазіргі заман талабы.
(Ағылшын тілінде оқытуда оқушы - лардың
қызығушылығын ояту басты мәселе)
Қазіргі кезде бүкіл мектептерде физика, информатика, биология, химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр. Бұл бір жағынан қиын болғанымен, қажеттіліктен туындап отыр. Мен өз пәнінде биологиялық терминдерді ағылшын тілінде жаттатқызамын. Биология пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейтеді, жаңалық ашуға, әртүрлі тәжірибелер, бақылау жүргізуге көмектеседі. Сабақ барысында қосымша берілетін биологиялық терминдер сөздіктері оқушыларымның сөз қорын қалыптастыруға көмегін тигізеді.
2018 жылдың 1 қыркүйек айынан 8 «Б» сыныбында Биология пәнін ағылшын тілінде өткізу факультатив сабағы берілді. Факультатив тақырыбы: Адам және денсаулық (Human and health).
Бастапқыда сабақты басқа тілде өткізу өте күрделі көрінді.
Уақыт өте келе, үйрену керек болды.
Сабақта жаңа ақпаратты меңгерту үшін қолданатын әдістеріме тоқталсам, жаңа сабақты үнемі жаңа терминдерді, видеолар, сұрақтар қою арқылы ашып отырдық. Жаңа сабақтың тақырыбымен танысқан соң, сол тақырыпта кездесетін термин сөздердің ағылшын тіліндегі нұсқасымен таныстырдым (міндетті түрде транскрип болу қажет). Сол терминдерді есте сақтау үшін түрлі активити қолдандым, атап айтсам, сызбалар, кестелер, және т.б. Жаңа сабақты слайд, презентация арқылы негізгі ақпарат өзім беріп, сол тақырыптардың тексттерін екі топқа бөліп беремін. Екі топ сол тақырыпты оқып , бір-біріне сұрақтар қояды. Сонымен қатар әр оқушы жеке, жұппен орындайтын жұмыстар беріледі. Сабақтың барысында оқушыларды ынталандыру мақсатында түрлі сайттардан алынған 2-5 минуттық видео жазбалар қолданылады. Ағылшын тіліне сабақтың үлесіне тоқталатын болсақ, бастапқыда 25% құраса, уақыт өте келе 50-70%-ға жетуге тиістіміз.
Сабақтың алғашқы кезеңі (ұйымдастыру кезеңі) ағылшын тілінде жүргізіледі және жаңа сабақта кездесетін терминдер ағылшын тілінде таныстырылады. Сонымен қатар, бекіту кезеңінде ағылшынша терминдерді пысықтау мақсатында «анаграмма», «қарлы кесек» «домино» және т.б. әдістер қолданыламын.
Жұмыс жүргізу барысында мынандай қиындықтар туындады:
Оқушылардың біразы тілді жақсы білмейтін, дұрыс оқи алмайтын оқушылар болды;
Биология пәніне қарағанда оқушылардың биологиялық терминдерін ағылшын тілінде өткенге қызығушылық танытатындықтары байқалды.
Биологиялық терминдерді үйрету үшін көптеген дидактикалық материалдар жинастырамыз, соның негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады.
Қорыта келгенде, өз тіліңді құрметтей отырып, өзге тілді үйрену, білім ғылымда тиімді қолдану, әрі қарай дамыту, оларды болашақ ұрпақтарымыздың меңгеруіне, ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндерімен кіріктіре оқуына мүмкіндік жасалып жатыр.
Егемен еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Жумадилова Б.М. - биология пәнінің мұғалімі